Түркістан полицейлері көліктен ұялы телефон ұрлаған жігітті ұстады
Түркістан полицейлері көліктен ұялы телефон ұрлаған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Онда түнгі уақытта белгісіз біреулердің көше бойында тұрған «Меrcedes» автокөлігінің оң жақ терезесін сындыру арқылы ішіндегі құнды заттарын жымқырып кеткендігін айтқан. Яғни көлікте жәбірленушінің құны 90 мың теңге болатын ұялы телефоны мен көлікке керекті бөлшектері болған. Жалпы келтірілген шығынның көлемі жарты миллионға жуық.
Оқиға орын алысымен учаскелік полицей Түлкібас АПБ-ның кезекші бөліміне хабарлап, жедел уәкіл қызметкерлерін шақырды. Олар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Тәртіп сақшылары хабар алысымен тез арада жетіп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Осылайша күдікті ретінде ұсталған жергілікті тұрғын, яғни жас жігіт ПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.