Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында “Жасөспірім” жедел адын алу іс-шарасы өтуде

Қостанай облысында “Жасөспірім” жедел адын алу іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 13-19 қыркүйек аралығында білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шараға 500-ден астам адам тартылды – бұл полиция қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да органдардың, ведомостволар мен ҮЕҰ өкілдері.

“Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасын ұйымдастыру мен өткізу ерекше бақылауда. Іс-шара барысында полицияда есепте тұрған балалар, мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының студенттері арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

– Алғашқы күні 219 тұрмысы нашар отбасыға барып, есепте тұрған 160 кәмелетке толмаған баланы тексердік. 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу шараларымен 222 білім беру ұйымы қамтылды, оның ішінде 202 мектеп және 20 колледж бар, – деп хабарлады Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ЮП ЕТ бойынша аға инспекторы Индира Нуруева.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде, атап айқанда құқықтық тақырыптар бойынша әңгімелер мен дәрістер өтіп, 35 адамға құқықтық көмек пен кеңес берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру