Ақмолалық мас жүрізуші қамауға алынды
«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ақмолалық полицейлер жүргізушіні есірткілік мас күйде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұзушылық 9 шілдеде Жарқайың ауданының Державинск қаласында анықталды. Полиция қызметкерлері Volkswagen Passat автокөлікті тоқтатты, оның жүргізушісі тәртіп сақшыларында күдік тудырды.
Құжаттарды тексергеннен кейін полиция ер адамды медициналық куәландыруға жіберу туралы шешім қабылдады.
Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің есірткіге мас күйінде болғаны анықталды. Құқық бұзушы есірткі қолданғанын мойындап, оны полицейлерге берді.
Жарқайың аудандық сотының ағымдағы жылдың 12 шілдедегі қаулысымен жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Есірткіден масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша 15 тәулікке қамауға алуға және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыруға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз сақтағаны үшін ол ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Еске саламыз, мас күйінде басқарғаны үшін баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. ЖКО мас күйінде болған жағдайда ҚР ҚК 345-1-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыстың автожолдарында мас жүргізушілердің қатысуымен 20 ЖКО орын алған. 35 азамат зардап шекті, 6 адам қайтыс болды.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері 654 жүргізушіні әкімшілік және 60 жүргізушіні мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізбеуге кеңес береміз. Ал куәгерлер дереу 102 телефонына хабарлауы керек.