Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз-Трафик” ЖПІШ қорытындысы: ШҚО-да 223 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды

ШҚО-да 223 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да бір апта ішінде (5-12 шілде аралығында) заңсыз көші-қон фактілерін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Заңсыз-Трафик” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Айта кетсек, операция аясында полиция органдарына шетелдік азаматтардың келуі туралы уақытылы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының 300-ден астам азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. “Халықтың көші-қоны туралы” Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдаушы тұлғалар өздеріне келген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 850-ден астам әкімшілік материал толтырылды. 223 адамның елде болу мерзімі қысқартылды.

ШҚО Көші-қон қызметі елде болуға рұқсат етілген мерзімі өтіп кеткен шетелдіктерге тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуі және өзінің құқықтық мәртебесін реттеуі қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру