Ақмолалық полицей іздеуде болған Ресей Федерациясының азаматын орман екпесінен тапты
Ақмолалық полицей есте сақтау қабілетінен айырылған іздеудегі РФ азаматын орман екпесінде ұйықтап жатқан жерінен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының туыстары әлеуметтік желілерде полиция департаментіне маусым айының басында жоғалған қарт туысын тауып, үйіне қайтарған Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс сөздерін білдірді.
3 маусым күні есте сақтау қабілетінен айырылған әйел үйден белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмағандықтан, әйелдің туыстары дереу полиция мен еріктілерден көмек сұрады.
Бұл күндері аймақта аптап ыстық болғанына қарамастан, полиция қызметкерлері де, туыстары да, еріктілер де іздеуді бір минутқа тоқтатпады.
4 маусым күні сағат 12:30 шамасында полицейлер мен жұртшылықтың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғалған әйел табылды. Полиция қызметкері Жеңіс Аққошқаров түйсігі бойынша тапталған шөптің ізімен жүріп, нәтижесінде орман екпесінде ұйықтап жатқан әйелді тапты.
Қазір аман-есен табылған әйелдің жақындары Красный Яр кенттік полиция бөлімінің қызметкерлеріне көрсеткен кәсібилігі, адал қызмет атқарғаны және әпкесі мен тәтесін іздеуде баға жетпес көмек көрсеткені үшін зор алғыстарын білдірді.