Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ақыл-ой кемістігі бар жоғалған тұрғынды іздеп жатыр

Ақмолалық полицейлер ақыл-ой кемістігі бар жоғалған тұрғынды іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан «Боровской» ықшам ауданы, 61 үй мекенжайы бойынша тұратын 44 жастағы тұрғын – Терех Снежаннаның 5 шілде күні үйден шығып, осы уақытқа дейін орналасқан жері ешкімге белгісіздігі туралы қайын енесі хабарлама келіп түсті.

Уайымдаған күйеу баласы қайын енесінің II топтағы мүгедек екендігін, сондай-ақ оған ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда іздеу жұмыстарының ауқымы кеңейтілді. Облыстың және қаланың барлық аудандарына жоғалған әйелдің суреті бар бағдарлар жіберілді. Ақмола полицейлері ол баруы мүмкін деген барлық жерлерді мұқият тексеріп, оны іздеуді жалғастырып жатыр.

Жоғалған тұрғынның белгілері: бойы 160 см, дене бітімі арықша, шашы қара, ағарған, иығына дейін, қара ұзын көйлек киген, аяқтарында қара тәпішке бар.

Ерекше белгілері: жүру кезінде ол оң аяғымен ақсандайды, өзімен бірге таяғы бар.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Снежанна Ивановнаны табу және отбасына қайтару үшін оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты көрген немесе білгендердің барлығынан дереу полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Хабар-ошарсыз кеткендер туралы ақпарат болған жағдайда Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне мына мекенжай бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: Көкшетау қаласы, Сатпаев көшесі, 1а, тел. 29-96-00, 8-778-645-35-79.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру