Ақмолалық полицейлер бір тәулікте 6 ұрлықтың бетін ашты
Ақмолалық полицейлер бір тәулікте 6 ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстар Ақмола облысының түрлі аудандарында тіркелді. Қаскүнемдер аймақ тұрғындарынан ақша, алтын бұйымдар, үй жануарлары, қымбат құралдар, телефондар мен тұрмыстық техниканы ұрлап әкеткен.
Мысалы, 1 ақпанда Шортанды АПБ қызметкерлері Степногорск қаласындағы бір кәсіпорын басшысының өтініші бойынша бұрын жасалған ұрлықты ашты. Шығын сомасы 1 млн 440 мың теңгені құрады.
ЖІШ барысында полицейлер күдіктілерді анықтады, олар Жолымбет кентінің 25 және 26 жастағы тұрғындары болып шықты. Үй жануарларын сүйетін адам 31 қаңтарда алты қоян мен Лайка тұқымды итті Біржан Сал ауданы тұрғынының шаруашылық құрылысынан ұрлаған. Күдікті 1 ақпанда анықталды.
Сонымен қатар, криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері Щучинск қаласының жеке үйден тұрмыстық техниканы ұрлаған 20 жастағы тұрғынын ұстады, келтірілген шығын көлемі 473 мың теңгені құрады.
Бір тәулік ішінде Ақмола полицейлері алты ұрлықты, оның ішінде бұрын жасалған ұрлықтыі бетін ашты. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.