Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер бір жасар бұқаны иесіне қайтарды

Ақмолалық полицейлер бір жасар бұқаны иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында Зеренді ауданының полиция бөліміне 53 жастағы аудан тұрғыны ағымдағы жылдың 9-14 тамыз аралығында Шағалалы ауылының маңында еркін мал жаю арқылы белгісіз тұлға бір жасар бұқаны ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 270 мың теңгені құрады. Айтпақшы, ер адам бірден полицияға жүгінген жоқ. Алдымен ол бұқаны өз бетінше табуға тырысты. Алайда іздеу сәтсіз болған кезде полициядан көмек сұрады.

Ауланы аралау барысында учаскелік инспектор Нұржан Шорин күдіктінің жеке басын анықтады. Бұрын сотталмаған 47 жастағы ауыл тұрғыны өз кінәсін мойындады. Ұрланған мал иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру