Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғынды Instagram арқылы алдап кеткен түркістандық анықталды

Шымкентте тұрғынды Instagram арқылы алдап кеткен түркістандық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау аудандық Полиция басқармасының 102 арнасы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны көмек сұрап, арызданған. Ол арызында белгісіз тұлға Instagram әлеуметтік желісінде киім-кешек жеткізетіндігін айтып, сеніміне кіріп, 33 602 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру