Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ет өнімдерін сатуға көмектесемін деп жеткізушілерді алдаған ер адам ұсталды

Астана қаласының полицейлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ер адам ет өнімдерін сатуға көмектесемін деп жеткізушілерді алдаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Байқоңыр” ауданының полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтады.

Қаскүнем ірі қара малын сатуға көмек ұсынып, ет жеткізушілерді алдағаны анықталды. Мал сатып алу сылтауымен ол жәбірленушінің 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта полицияға 37 азамат арызбен жүгінген, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.

Алаяқтық жасады деген күдікті кінәсін мойындады және қамауға алынды. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Полиция атап өткендей, бұл қылмыс үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру