Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады

Ақмолалық полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ПД КПБ қызметкерлері Атбасар ПБ криминалдық полиция бөлімінің, ПД ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерден ірі қара мал ұрлады деген үш күдіктіні әшкерелеп, ұстады.

Қылмыс жасаған адамдар 29-42 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар, олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жәбірленушіден арыз 25 қазан күні Атбасар ауданының ПБ-не келіп түсті, ер адам полицейлерге 22 қазан қарсаңында қойшы оған малдың жоғалғаны туралы хабарлағанын айтты. Осыған байланысты ол өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, даладан өзіне тиесілі 17 бас ІҚМ қалдықтарын тауып, полицияға жүгінген. Шығын сомасы 8 млн. 500 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қаскүнемдер ТОЗ-8 маркалы ұсақ калибрлі винтовкадан жануарларды ату арқылы 17 бас ІҚМ ұрлағаны анықталды. Нұр-Сұлтан қалалық ПД ЖБО-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде қаскүнемдер базарда сатқан ұрланған ІҚМ етін тасымалдайтын көлік құралы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру