Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері донорлық эстафетаны қабылдады

СҚО полицейлері донорлық эстафетаны қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Павлодар облысынан ерікті донорлық челлендж эстафетасын қабылдады. 17 қарашада СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жеке құрамы облыстық Қан орталығына келді. Дәрігердің қаралуында болған әрбір қызметкер орталықтың қоймасына 450 мл. қан тапсырды.

– Өтеусіз қан тапсыру — қиын жағдайдағы адамдарға мейірімділік пен көмек көрсету актісі болып табылады. Полицейлер көмекке мұқтаж адамдардың қасында болып, адам өмірінің қаншалықты нәзік болатынын жақсы біледі. Сондықтан қызметкерлерге ерікті донорлықты дәріптеу идеясы оларға жақын. Өзгенің өміріне бейжай қарамайтын әр адам қан тапсырып, біреудің өмірін құтқара алады, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

“Біз дені сау ұлт үшін” атты қан тапсыру челленджі ҚР ІІМ бастамасымен өткізілуде. Мақсаты – ұлт болашағына қауіп төндіретін нашақорлық проблемасына қоғамның назарын аудару.

Донорлық челленджді Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Түркістан облысының полиция департаментіне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру