Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер өмірлік қиын жағдайдағы балаларды эко-саябаққа апарды

Ақмолалық полицейлер өмірлік қиын жағдайдағы балаларды эко-саябаққа апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Ақмола облысында жаздың алғашқы күнінде бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Өскелең ұрпақпен әр түрлі квесттер мен кездесулерді ұйымдастырудан басқа, бұл күндері көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша Ақмола облысы Полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері ашық есік күнін ұйымдастырады, оған оқушыларды шақырып, балаларға полицияның салалық қызметтерінің әрқайсысы туралы айта отырып, өзіндік шеберлік сағаттарын өткізеді.

Балалар жылына орай Ақмола облысында еркін күрес фестивалі және шығыс жекпе-жегі турнирі өткізілді. Балалар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсету үшін Көкшетау қаласының Тәуелсіздік орталық алаңына жиналды. Спорттық іс-шараның барлық қатысушылары жақсы дене дайындығы мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білді. Фестивальдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортпен айналысуға тарту және насихаттау және мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға сөзсіз ықпал етеді.

Сонымен қатар, Балалар күні және есірткіге қарсы айлықтың қарсаңында өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арнап полиция қызметкерлері «Шанс» орталығының, сондай-ақ «Думан» педагогикалық отрядының қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың эко-саябақтарының біріне баруды ұйымдастырды.

Балалар үшін қызық ойындар мен квесттер дайындалды, іс-шара челленджбен және таза ауада билеумен жалғасты, ал қорытынды бойынша қатысушылардың әрқайсысы бағалы сыйлыққа ие болды.

Эко-саябақта балаларға арналған дәмді тағам таратылды. Полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде аула клубтарымен бірлесіп, «Анам, әкем және мен – спорттық отбасы» спорттық жарыс өткізілді. Барлық тілек білдірушілерге арналған сурет конкурстары ұйымдастырылды, сондай-ақ балаларға тегін балмұздақтар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру