Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Нұрлан Балтабайұлы Рамазанов тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұрлан Рамазанов ҚР ІІМ Ақмола облысының заң колледжін, 2002 жылы Қостанай заң институтын оқып бітірген.

Ол құқық қорғау органдарында қызметін 1998 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімінде жедел уәкіл лауазымымен бастаған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПД-да әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті бастығының  орынбасары болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру