Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация бақылауынан жалтарған сотталған темір торға тоғытылды

Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметкеріне балағат сөз айтқан және пробация бақылауынан жалтарған сотталған темір торға тоғытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Байқоңыр ауданы пробация қызметінде есепте тұрған сотталған К.-ға Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, белгілі бір міндеттемелер жүктелген болатын.

Алайда сотталған жаза өтеу барысында сотпен тағайындалған міндеттерді орындамай, өзінің жүріп тұруы бойынша пробация қызметіне есеп беруге келмей, пробация бақылауынан жалтаруын жалғастыра берді. Сонымен қоса, сотталған жаза өтеу барысында пробация қызметкеріне балағат сөздер айтып, жасаған теріс іс-әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 378-бабымен қылмыстық жазаға тартылды.

Сотталғанды түзу жолға салу мақсатында бірнеше рет жаза өтеу тәртібін сақтау туралы профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілуі мүмкін екендігі туралы ескертілді. Жүргізілген профилактикалық сұхбаттарға қарамастан, сотталған жаза өтеу тәртібін бұзуды жалғастыра берді.

Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы пробация қызметімен сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық сотына ұсыным жолданып, Байқоңыр аудандық сотының қаулысымен сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген 9 ай 14 күні бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді

Байқоңыр ауданы пробация қызметінің бастығы Ботагөз Ержанованың айтуынша, есепте тұрған сотталған өзіне тағайындалған жаза түріне немқұрайлы қараған. Сот сенімін ақтамай, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру