Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыста полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Арыста полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыбайлас жемқорлық – адамның қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты – пара беру және алу. Онымен күресу барша адамның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Арыс аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жеке құрам қызметкерлері арасында жиын өтті.

Арыс аудандық полиция бөлімі бастығы Мақсат Қарабаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Гаппаров полицейлермен кездесті. Шараның мақсаты – жемқорлықты болдырмау және алдын алу, сондай-ақ жеке құрам қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Яғни, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы полиция қызметкерлеріне таныстырылып, баяндама оқылды.

Кездесу барысында жиынға қатысқандар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру