Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздағы түзеу мекемесінде оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Тараздағы түзеу мекемесінде оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде оқу-жаттығу жиыны өтті. Облыстық ҚАЖ және Полиция департаменті, сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.

Аталған оқу-жаттығуға ҚАЖ департаментінің бастығы Нияз Рыспаев, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының командирі Талапкер Әміреев, облыс прокурорының орынбасары Әділ Кәрім арнайы қатысып, жоғары бағалады.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары мұндай шаралар арқылы болашақта жаңа технологияларды игеріп, өз біліктіліктерін одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру