Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері мыңнан астам тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты

Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері мыңнан астам тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Павлодар облысының тұрғындары құқық бұзушылықтарға қырағы бола бастады, іс жүзінде бірде-бір құқыққа қарсы әрекет назардан тыс қалмайды.

– Мысалы, бірнеше күн бұрын “Police.102” мобильді қосымшасы арқылы полицияға Қатаев көшесінде Honda автокөлігі қос тұтас сызықты кесіп өткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факті дереу құқық бұзушыны анықтаған жақын маңдағы полиция патрульіне берілді. Жүргізуші жұмысқа асығып бара жатып, ережелерді бұзғанын айтты. Павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас хабарлама қосымшада пайда болды. Қамзин көшесінің тұрғындары белгісіз адам өз үйінің ауласына көлік қойып, басқа тұрғындардың қалыпты қозғалысына кедергі келтірді деп шағымданды. Осы мекенжайға келген полиция қызметкерлері ауланың ортасында тұрған Toyota автокөлігін анықтады. Автокөлік иесі тәртіп сақшыларына қонаққа келгенін түсіндірген. Енді көлікті ауланың ортасында қалдырған қонақ ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Айта кету керек, осы жылы Павлодарлық полицейлер 1077 тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру