Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары тергеу изоляторына барды

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының бірінші орынбасары тергеу изоляторына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының прокурорының бірінші орынбасары Ж. Кусаиновпен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департамент бастығының орынбасары М. Абикеевтің, қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы М. Сатаркулов және ҰПМ қатысушылар тобының басшысы Ж. Досетованың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесінде ұсталып отырған сотталушылар мен күдіктілерді қабылдау жүргізілді.

Аталған тергеу изоляторында 565 адам ұсталуда.

Келушілер мекемеде ұсталушыларға кездесуге келген туыстардың, қоғамдық қорғаушыларға арналған фронттық кеңсені аралаудан басталды. Фронд кеңсесін аралау барысында тергеу қамағындағы ұсталушылардың туысқандары мен қорғаушылардан қылмыстық іс жүргізу барысындағы тағылатын айыптармен келіспейтіні жөнінде әр-түрлі өтініштер келіп түсті.

Барлық келіп түскен өтініштер бойынша ауызша түсіндірме берілді, сонымен қоса тергеу изоляторындағы тәртіппен ұстау жағдайына да қатысты сұрақтарға жауап берілді. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесулер бойынша заңды негіздемелері түсіндірілді.

Бұдан әрі тергеу изоляторының медециналық бөлімі, асхана, карантиндік бөлім және әр камераны аралау жұмыстары жүргізілді.

Қала прокурорының бірінші орынбасарымен нақты тапсырмалар берілді. Ашық айтсақ, мекемеде ұсталатын медициналық көмекке мұқтаж жандарға аса назар аударып, оларға сапалы көмек беруді, ұсталып отырған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және де қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген міндеттемелері мен құқықтарын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарына ден қойылды.

Жиырмаға жуық тергеу қамауындағы азаматтың берген өтініштеріне толығымен түсіндірме жұмыстары жасалып, белгілі бір өтініштер қала прокуратурасының жеке бақылауына алынды.

Тергеу изоляторының қызметкерлерінің тарапынан жасалған заңға қарсы іс-әрекет не болмаса азаптау туралы арыз шағым келіп түскен жоқ. Прокуратура органдарының негізгі бағытының бірі –  тергеу қамауында ұсталушылар мен сотталғандардың заңмен кепілденген құқықтарының сақталуын бақылау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру