Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер жоғалып кеткен мектеп жасына дейінгі екі баланы іздеп тапты

Ақмолалық полицейлер жоғалып кеткен мектеп жасына дейінгі екі баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілде күні Қосшы қаласының полиция кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар келіп, олардың 6 және 4 жастағы ұлдары үйдің ауласынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Әйел адамдар балаларды екі сағаттан астам уақыт бойы таба алмай жүргендерін айтты.

 

Жоғалған мектеп жасына дейінгі балаларды іздеуге және олардың орналасқан жерін анықтауға Қосшы қаласының полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Полиция адамдар көп жиналатын жерлерді, шатырларды, жертөлелерді және қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп, куәгерлер мен қала тұрғындарынан сұрастырылды.

Іздеу іс-шаралары барысында жоғалған балаларды Астана қаласының аумағында полиция қызметкерлері тауып, заңды өкілдеріне қайтарып берді.Балаларға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру