Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық пробация қызметкерлері есептегі сотталғанды құтқарып қалды

Ақмолалық пробация қызметкерлері есептегі сотталғанды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

47 жастағы ақмолалық бірқатар ұрлық жасағаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол танысына үйін жылытуға көмектескен кезінде ұрлауға болатын заттарды байқап жүрген.

Қызметкерлер пробация есебіндегі сотталғандармен кесте бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді, сонымен қатар олар ай сайын белгіленген күні тіркеуден өтеді. Осы күндердің бірінде Ақмола облысы бойынша ҚАЖД аудандық пробация бөліміне Михаил келуі керек еді.

Жұмыс ауыртпалығы болмағандықтан, ол әдетте түскі асқа дейінгі уақытта келетін. Пробация қызметкерлері оны күні бойы күтті, бірақ Михаил келмеді.

– Алдымен таңға дейін күтеміз деп ойладық. Ал келмеген жағдайда, оның тұрғылықты мекенжайына барамыз деп жоспарладық. Бірақ қазір бару керек деп сездім, әріптестерімізбен оның тұрғылықты мекенжайына дәл сол уақытта жол тарттық. Михаил үйінің жанында қимылсыз жатты. Тірі және бейсаналық күйде екенін тексергеннен кейін біз жедел жәрдем шақырдық. Медицина қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. «Авиценна-Бурабай» ЖШС дәрігерімен әңгімелесу барысында Михаил комада жатқаны, ауыр түрде бас сүйек пен миы зақымданғаны белгілі болды. Егер біз кішкене кешіксек, оны құтқару мүмкін болмас еді, – дейді аудандық пробация бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бекжан Бекахметов.

Екі аптадан кейін Михаил ауруханадан шықты. Сұрау барысында сотталған шатырды жөндеп жатқан кезде құлап, басымен асфальтқа соғылғанын түсіндірді.

Дәрігерлердің айтуынша, ол үш күндей комада болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру