Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жігітті анықтады

Мақтааралдық полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне әйел арызданды. Оның айтуынша, үйінен құны 40 мың теңге тұратын екі қазанын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. 

Хабарлама түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде ұрлық жасаған сезікті жергілікті тұрғын, жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жас жігіт болып шықты.

Анықталғандай, күдіктінің бөтеннің мүлкіне көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Содан екі темір қазанды ұрлап, арнайы темір қабылдайтын орынға өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру