Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық танысынан анасын жерлеуге арналған ақшасын ұрлап кеткен

Ақмолалық танысынан анасын жерлеуге арналған ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда Зеренді полиция бөлімінің кезекші бөліміне Зеренді ауылының 60 жастағы тұрғыны 20 қаңтарға қараған түні үйден еркін қол жеткізу жолымен бұрын таныс 33 жастағы жергілікті тұрғын 200 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын және алтын сақина ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 260 мың теңгені құрады.

Өтініш беруші бұл марқұм анасының жинақтары екенін түсіндірді. Денсаулығы нашарлағандықтан қарт әйел өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастыруға ақша жинаған.

18 қаңтарда зейнеткер ауруханаға жатқызылып, көп ұзамай қайтыс болды. Ақша пальто қалтасында, шкафта сақталыпты. Алайда марқұмның қызы танысымен кездескеннен кейін ақша жоғалып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру