Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы “Safari Mebel” компаниясының құрбандарын іздестіруде

Алматы полициясы “Safari Mebel” компаниясының құрбандарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс Алматы қаласы ПД ТБ-ның өндірісінде.

– Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, “Safari Mebel” компаниясының директоры И.есімді азамат және басқа да адамдардың әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландырулар орналастыру арқылы тұтынушыларды қызықтырғандығында. Сенім білдірген азаматтар жарнаманы көріп, қызметтің ашықтығына күмән келтірмей, олармен хабарласқан. Күдіктілер әлеуетті тұтынушылардың сеніміне кіріп, қырағылығын бәсеңдету үшін тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған, тіпті оны өндіруге нақты мүмкіндіктері болмаса да, жиһаз жасау мен орнатуға келісім-шарттар жасаған. Нәтижесінде, алданған азаматтар орындаушылардан аңсаған жиһаздарын ала алмады. Олар тиісінше, төлеген ақшаны да қайтармаған, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Қазіргі таңда осындай арызбен 30 азамат жүгінген. Қазіргі уақытта жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады.

– Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар 8-707-834-83-33 Әділ Салаев, 8-777-250-68-37 Ерғали Ибраимов және 8-701-624-28-24 Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз, – дейді Рүстем Әбдірахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру