Ақмолалық тұрғын мас күйде ауыл тұрғынының көлігін заңсыз иемденген
Ақмолалық тұрғын мас күйде ауыл тұрғынының көлігін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл оқиға Жақсы ауданының ауылдарының бірінде ағымдағы жылдың 19 сәуірінде болған.
Ұрланған Lada маркалы көліктің 24 жастағы иесі сағат 18:00 шамасында ауыл көшелерінің бірінен өтіп бара жатып, ол өзінің танысын көріп, оны үйіне апаруға шешім қабылдаған. Ауыл тұрғыны мас күйде болған. Мұны медициналық куәландыру қорытындысы нақтылады.
Ер адам көлікке отырғанда, ол және жүргізуші арасында ауызша жанжал туындаған. Жүргізуші танысын салауатты өмір салтын ұстануға және алкогольді ішпеуге шақырды. Бұл жанжалдың себебі болған.
Ауызша жанжал нәтижесінде жүргізуші ауыл тұрғынынан көлігінің салонынан шығуын өтінді. Ақмола тұрғыны жолаушыны түсіру үшін көліктен шыққан кезде, соңғысы көлік құралын басқарып, жүріп кеткен.
Көлік иесі полициядан көмек сұрады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұрланған көлік ауыл көшелерінің бірінен табылды. Жақсы ауданының 26 жастағы тұрғынына қатысты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.