Ақмолалық тұрғын пәтер ұрысын қылмыс орнында ұстады
Ақмолалық тұрғын пәтер ұрысын қылмыс орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 сәуірде Целиноград ауданының полиция бөліміне Қызылжар ауылының тұрғынан оның үйіне бөтен біреуд кірді деп өтініш түсірді. 32 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, жоспардан тыс үйге оралғанда, бөлмеге терезені ашып, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға тырысқан бейтаныс адамды тапты. Үй иесінен қорыққан қаскүнем қашып кетуге тырысқанымен қолға түседі. Пәтер ұрысын ұстаған өтініш беруші оны полицияның қолына тапсырды, өзі зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған азамат мүліктік қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өз кезегінде Целиноград ауданы полиция бөлімінің бастығы Қанат Битаков қаскүнемді ұстауға көмектескені үшін Қызылжар ауылының тұрғынын көтермелеу туралы шешім қабылдады.