Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әуежайдан парфюм ұрлаған 19 жастағы елордалық қыз ұсталды

Әуежайдан парфюм ұрлаған 19 жастағы елордалық қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы қылмыстық істерді сапалы әрі жедел тергеуді қамтамасыз етуде.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы көлік полициясымен электрондық форматта 55 қылмыстық іс тергелді.

Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу адал азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға жол бермей, шешімдер қабылдауда заңдылық пен жеделдікті ерте сатыда қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы көлік полициясымен “Береке Дюти Фри” ЖШС директорының өтініші бойынша Duty Paid дүкенінен парфюм ұрлау фактісі бойынша ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, парфюм ұрлаған 19 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Бір тәулік ішінде сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот іс бойынша шешім шығарып, күдікті қыз жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру