Ақмолалық жедел қызметкерлер алкоголь өнімдерін құю цехын анықтады
Ақмола облысында полицейлер заңсыз сатушыдан 200 литр спирт тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15 тамызында Ақмола облысы ПД КПБ жедел қызметкерлеріне Көкшетау қаласы Гоголь көшесінде ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2021 жылдың 16 тамызында жоғарыда аталған мекенжай бойынша ақмолалық жедел қызметкерлер алкоголь өнімдерін құю цехын тапты.
Жерасты цехын облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Цехтың үй-жайын тексеру барысында полицейлер 200 литр этил спиртін, 40 блок контрафактілік темекі өнімдерін және алкоголь өнімдерін құюға арналған арнайы ыдыстарды тапты.
Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін сәйкестік және қауіпті анықтау тұрғысынан зерттеуге бағытталған. Материал Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.