Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автомобиль” іс-шарасы: ақмолалық жедел уәкілдер бір күнде үш автокөлік ұрлығын ашты

Ақмолалық жедел уәкілдер “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні үш автокөлік ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлікті заңсыз иеленудің үш фактісін Ақмола полицейлері облыстың түрлі өңірлерінде жасалған “Автомобиль” жедел алдын алу шарасы аясында ашты.

Осылайша, 16 тамызда Бурабай жедел уәкілдері бұрын жасалған қылмысты ашып, Isuzu маркалы автокөлікті айдап әкеткен күдіктіні анықтады. Жәбірленушінің арызы Бурабай АПБ полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2021 жылғы 17 шілдеде келіп түсті, ол Щучинск қаласының 62 жастағы тұрғыны көтерме базаның аумағынан өзіне тиесілі көліктің ұрланғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде анықталды. Ол 27 жастағы бұрынғы база қызметкері болып шықты.

Сондай-ақ “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 16 тамызда облыс орталығында орын алған КамАЗ маркалы автокөлігін айдап әкету фактісін анықтады. Ізін суытпай Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталды.

Сонымен қатар полицейлер облыс аумағында Suzuki маркалы автокөлігінің ұрланғанын анықтады. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру