Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 200-ден астам алимент төлеуден жалтарған азаматқа іздеу жарияланды

ШҚО-да 200-ден астам алимент төлеуден жалтарған азаматқа іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алименттерді төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері сот орындаушылардан алимент бойынша борышын өтемеген 200-ден астам азаматты анықтады.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Семей қаласының ПБ Көші-қон қызметі бөліміне 39 жастағы кәмелетке толмаған баласын асырау үшін ¼ алимент төлемеген азаматқа іздеу жариялау туралы сот ұйғарымы келіп түсті. Бұл азамат қысқа мерзім ішінде Семей қаласында тұратыны анықталды. Ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру