Ақмолалық жедел уәкілдер Көкшетауда жоғалып кеткен СҚО мұғалімін тапты
Ақмолалық жедел уәкілдер Көкшетауда жоғалып кеткен СҚО мұғалімін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Ақмола облысында 33 адам жоғалып кетті, 26-ы табылды.
Полицейлердің айтуынша, жоғалудың көп бөлігі отбасылық жанжалдарға байланысты.
– Негізінен адамдар үлкен отбасылық жанжалдардан кейін жоғалады. Жақын адамдарымен ұрысып, адам арнайы кетіп, ұялы телефонды өшіріп, байланысқа шықпайды. Алкогольді ішімдіктер ішу жиі кездеседі. Біз мұндай адамдарды біз бұзықтық жерлерде кездестіреміз,- деп атап өтті Ақмола облысы ПД КПБ жедел уәкілі Абзал Қайкенов.
Мысалы, 2021 жылғы 10 мамырда сағат 17:17-де Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан 2021 жылғы 7 мамыр күні сағат 08:00-де үйінен Көкшетау қаласына кетіп қалған 32 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Оның осы уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз болды.
Белгілі болғандай, жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Көкшетау қаласына жеке істері бойынша келіп, туысына барып, Абылай хан даңғылы аумағында жоғалып кеткен.
Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары 40 қызметкерден тұратын арнайы іздестіру тобын құрды, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция жоғалған адамның орналасқан жерін анықтай алды. Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болды, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп жүрген. Ер адам мұндай әрекетке неге барғанын түсіндірмеді.
Ер адамға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды.
Айта кету керек, жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде.