Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады

Павлодарлық полицейлер заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 14 мамырда сағат 12.20-да Кенжекөл ауылының маңындағы өзен алқабында “Нерест” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Павлодар облысының тұрғынын ұстады. Оның автомобилінің жүксалғышынан балық аулауға арналған ау табылды, – деді Павлодар қаласы Оңтүстік Пб бастығының бірінші орынбасары Марат Тілеулин.

Сондай-ақ бұл факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.

Полицейлер “Уылдырық шашу” жедел алдын алу іс-шарасы су биоресурстарын және балық шаруашылығы мақсатындағы су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру