Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бірнеше ұрлық жасаған интернет-алаяқты ұстады

СҚО полицейлері бірнеше ұрлық жасаған интернет-алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – қазіргі кезде қылмыстың жылдам тарап келе жатқан түрі интернет-алаяқтыққа қарсы күресу. Іс-шара шеңберіндегі күшейтілген жұмыс нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мысалы, Алматы қаласына іссапарға жіберілген Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оңтүстік астананың 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол облыс орталығының тұрғындарына қатысты кибералаяқтықтың үш эпизоды бойынша күдіктелуде. Жас жігіт интернетке гүл сату және оны жеткізу туралы хабарландыру орналастырған, 10-12 мың теңге алдын ала төлем жасауды талап етіп, алған соң байланысты үзген. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін алматылық Петропавлға жеткізілді. Ұсталғанның ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

– Онлайн-сауда жасау саласы – интернет алаяқтардың алғаш болып игерген істерінің бірі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. – Полиция қызметкерлерінің тұрақты жүргізген түсіндіру жұмысы арқасында солтүстікқазақстандықтардың көбі жаһандық желіде сауда жасау кезінде өздерін қалай ұстау керектігін білді. Дегенмен, алдын ала төлемді талап ету алдау кең тараған сценарийлерінің бірі болып қала береді. Алдау түрлері жеткілікті, ең бастысы, қандай жағдай болмасын ешкімге жеке деректер мен құпия мәліметтер: банк карталарының нөмірі мен cvv-кодын, sms арқылы келетін қол жеткізу кодының құпия сөздерін жібермеу қажеттігін естен шығармаған жөн.

Операция басталғаннан бері полицейлер кибералаяқтық жасаған жеті күдіктіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру