Ақмолалықтан қару мен патрондар тәркіленді
Ақмолалықтан қару мен патрондар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақмолалық полиция қызметкерлері 42 жастағы Бурабай ауданының тұрғынынан 16 калибрлі «ИЖ» үлгісіндегі тегіс ұңғылды бір ұңғылды қаруды және оның алты патронын анықтап, тәркіледі.
Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.