Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 30-дан астам адамды алдап кеткен алаяқты ұстады

Ақмола полицейлері 30-дан астам адамды алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Әйел 2019 жылы тұрғын үй кооперативтерінің бірінің басшысы тұрғын үй беру сылтауымен 3,6 млн. теңге сомасында ақшасын иемденгенін хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды, ол Көкшетау қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнемнің алаяқтық әрекеттері салдарынан зардап шеккен басқа жәбірленушілерден полицияға арыздар түсуде. Қазіргі уақытта олардың саны 30-дан астам адамды құрайды.

Бұл факт ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру