Ақсай тұрғыны өзіне сеніп тапсырылған ақшаны талан-таражға салған
Ақсай қаласында 21 жастағы азаматша өзі жұмыс істейтін ЖШС-де қызмет бабын пайдалана отырып, 2 миллион теңгені жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақша 1976 жылы туған азаматқа тиесілі болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1999 жылы туған азаматша ұсталды.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабының 2- бөлігіне (Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан –таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.