Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшаны көбейтіп беремін: Шымкентте алаяқ ұсталды

Шымкентте тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 17 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз азамат «WhatsApp» интернет желісі арқылы биржадан ақшаны көбейтіп беремін деп алаяқтық жолмен 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды, басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру