Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 35 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды

Жамбылдық полицейлер жаз мезгілі басталғалы 35 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жоюға қатысты көшпелі комиссия құрылды.

2021 жылғы 17 тамызда “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының құмға жақын аумағында 5,5 гектар алқапты шауып, кейіннен өртеу арқылы 5 тонна 102 келі жабайы қарасораны жойды.

Профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру