Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшасын төлемеген: Таразда алаяқ 450 мың теңгенің шоколадын иемденіп кетті

Таразда алаяқ 450 мың теңгенің шоколадын иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде Тараз қалалық Полиция басқармасына 59 жастағы қала тұрғыны арызданған болатын.

Өз арызында белгісіз азаматтың сеніміне кіріп, бір мың дана «Қазақстан» шоколадына тапсырыс беріп, тапсырысты алған соң өзіне иемденіп, төленетін сомманы салып жіберемін деп белгісіз бағытқа кеткен, тиісті қаражатты төлемеген.

Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Аталған іс бойынша Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Аса ауылының 34 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті тұлға өз кінәсін толық мойындады. Айғақ заттар қайтарылды.

Тараз қалалық Полиция басқармасымен аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру