Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясының бастығы жыл басынан 69 азаматты қабылдады

СҚО полициясының бастығы жыл басынан 69 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов 69 адамды қабылдады. Облыстық Полиция департаментінде және аумақтық полиция бөліністерінде басшылықпен апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізілуде.

Өтініштерді қабылдау, мәселелерді қарастыру, кеңес беру – аталған жұмыс полицейлермен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде ұдайы жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеудің барысы, әкімшілік құқық бұзушылықтар, кадр мәселелері – полиция басшылығының жеке қабылдауына жүгінетін адамдарды әртүрлі тақырыптар қызықтырады. Кезекті рет өткізілген азаматтарды қабылдау барысында солтүстікқазақстандық полиция басшысымен алты сұрақ қарастырылды. Қабылдауға жазылған бес адам азаматтарды қабылдау алаңында қабылданды, бір адам еліміздің басқа өңірінде болғандықтан, бейне байланыс арқылы жүгінді.

Айта кететіні, онлайн байланысқа құзыретіне келіп түскен сұрақтарды қарастыру жататын бөлініс басшылары да қосылды. Айдын Қабдұлдинов әрбір өтінішті назарға алды, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, мерзімдері белгіленді.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваның ақпаратынша, наурыз айында 316 өтініш келіп түскен. Оның 267-сі жеке тұлғалардан, 49-ы заңды тұлғалардан келіп түскен.

Апта сайын сәрсенбі күні СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов азаматтарды қабылдайды. Наурызда облыстың бас полицейі 19 адамды қабылдады. Полиция департаменті бастығының орынбасарларымен 15 адам қабылданды. Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары – 165 адам, аудандық полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары – 184 адамды қабылдаған.

Сондай-ақ, облыстық полиция басшысына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары арқылы жазылуға болады. Бұдан бөлек, Facebook әлеуметтік желісінде полиция құзыретіне кіретін сұрақтармен жүгінуге болатын СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың ресми парақшасы бар.

Азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс нөмірлері СҚО Полиция департаментінің интернет-порталында, ал аумақтық бөліністердің қабылдау кестесі әкімшілік ғимараттардағы фойелерде орналастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру