Ақсу қаласында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Ақсу қаласында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 6 тамызда әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде жастар арасындағы төбелес фактісі анықталды.
– Аталған факті тіркелді. Барлық қатысушылар ұсталды, факт 2021 жылғы 4 тамызда сағат 22.40-та Ақсу қаласы Х.Доспанов көшесінде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Қару қолданылған жоқ. Қатысушылардың бірде-біреуі дене жарақатын алған жоқ, сондай-ақ олардың бір-біріне наразылықтары жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Аталған факті бойынша полицияға және медициналық көмекке ешкім жүгінген жоқ. Бұзақылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар анықталуда.