Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тұрғыннан 15 келіден асатын “мөңке балық” тәркіленді

Павлодар облысында тұрғыннан 15 келіден асатын “мөңке балық” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 5 тамызда сағат 09:08-де полицияға Ефремовка ауылының жанындағы “Павлодар-Успенка” автожолында балық тиелген Niva маркалы ақ автокөлік келе жатқаны туралы қоңырау түсті.
– Бұл шақыруға полиция қызметкерлері жіберілді. Аталған автокөлік ұсталды, көліктің басқаруында облыс орталығының 65 жастағы тұрғыны болды. Автокөлікті тексеру кезінде жүк бөлімінен жалпы ұзындығы 60 метрді құрайтын екі дана Қытай өндірісінің желісі, екі ескегі бар үрлемелі резеңке қайық пен сорғы, сондай-ақ жалпы салмағы 15 келіден асатын “мөңке балық” түріндегі балық табылды және алынды, – деп хабарлады Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Полиция құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік аудандық сотқа жолданды.
Айта кету керек, осындай бұзушылық үшін ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер 269 балық аулаушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру