Ақсу қаласының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атына Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Талиповтар отбасы атынан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне осындай адал қызметкерлерді тәрбиелегені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Жақында менің кәмелетке толмаған қызым үйден кетіп қалды. Мен қызым үшін қатты қорықтым, оған бүкіл отбасымызбен алаңдадық. Не істеу керектігін білмедік. Көмек алу үшін Павлодар облысы Ақсу қаласының полицейлеріне хабарластық, онда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Аруна Калиева мені тыңдап, жұбатты. Полицейлер біздің жоғалған 15 жастағы қызымызды тез тауып берді. Аруна Абаевнаның, жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметовтың, тергеуші Темірлан Сәрсенбаевтың арқасында қызым қазір бізбен бірге, мен оны кез келген уақытта құшақтай аламын. Көрсетілген көмек үшін, полицейлердің кәсіби шеберлігі мен жеделдігі, азаматтарға сыпайы қарым-қатынасы үшін рахмет! Халық пен елдің игілігі үшін қызмет еткендеріңіз үшін рахмет! Сізге және барлық полицейлерге мықты денсаулық, осындай қиын жұмысыңызда табыс тілейміз, – деп жазды Талиповтар отбасы.
Сондай-ақ, ол өз хатында Ақсу қаласының «Вита», «Лидер.кз » еріктілеріне де, Александра Анисимоваға қызын іздеуге көмектескені үшін алғысын білдірген.
– Мен үшін ең бастысы ана мен балаға көмектесу. Қыздың анасы қатты уайымдап, мен полиция қызметкері ретінде оны қолдауға, жұбатуға тырыстым. Бағдар жасағаннан кейін олар барлық аумақтық полиция бөлімдеріне және еріктілерге жіберілді. «Вита» және «Лидер.кз » еріктілер тобы да қызды іздеуге көмек көрсетті. Ең бастысы, қыз тірі, бәрі жақсы. Енді ол анасының қасында. Ананың қуанышын көру және оның қызын құшағына алуы – бұл істің ең жақсы аяқталуы, – дейді Ақсу қаласы ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы Аруна Қалиева.