Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторының қызметкерлері көшені қардан тазалады

Көкшетау қаласы тергеу изоляторының қызметкерлері аялдамаға дейінгі жолды қардан тазалап, жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Қалың қар мен қарлы бораннан кейін қала шетінде орналасқан Ақмола облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторына жету мүмкіндігі азайған.

Қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен арнайы техника облыс орталығының бас көшелеріндегі қармен күресті.

Тергеу изоляторы басшысының міндетін атқарушысы Абзал Дуанбаевтың ұсынысы бойынша изолятор қызметкерлері Маяковский көшесіндегі аялдамадан бастап жолды күртік қардан тазалады.

Сонымен қатар изолятор қызметкерлері сол көшенің бойында тұратын зейнеткердің ауласын қардан тазартып берді.

– Біз үшін бұл түкке тұрғысыз шаруа, ал қарт адамға кәдімгідей проблема, – деді тергеу изоляторы бастығының орынбасары Жамбыл Мадеев.

-Көмек үшін көп рахмет, осыншалықты қарды жалғыз өзім бітіре алмас едім. Осындай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарына мың тағзым, – деді зейнеткер өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру