Ақтау қаласы ПБ басшы құрамы балалар үйіне барды
Ақтау қаласы ПБ басшы құрамы балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтау қаласы ПБ басшы құрамы және қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар облыстық үлгідегі балалар үйіне барды.
Бала – біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі болатын балаларымыздың болашағын баянды ету — аға буынның парызы. Тәуелсіз елімізде ата-анасыз балалардың сапалы білім алып, жақсы азамат болып шығуы үшін үкіметіміздің тарапынан барлық жағдай жасалуда. Осы ретте полиция қызметкерлері де жыл сайын қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Полицейлер балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысып, алда келе жатқан мереке күндерімен құттықтады. Тәртіп сақшылары балаларға арнайы мерекелік сыйлықтар дайындап, тәттілер салынған себетті сыйға тартты.