Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Ақтөбе облысының Полиция департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тұңғыш Президент күні – үлкен тарихи маңызы бар бүкілхалықтық мереке. Бұл күні Полиция департаментінің барлық жеке құрамын құттықтағым келеді. Сондай-ақ, әрқайсымыз мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек, – деп атап өтті Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының м.а. Қанат Алиев.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге жеткені үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қажымұқан Шалтаковқа арнайы полиция полковнигі атағы берілді. Әсел Кабакановаға бір саты жоғары полиция подполковнигі Төребай Оспановқа полиция майоры арнайы атағы берілді.

Сондай-ақ, төрт қызметкер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен және сегіз қызметкер II дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Бұдан басқа, Құрмет грамотасымен бір қызметкер марапатталды, сегіз қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ Грамотасымен және 10 қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, 10 қызметкерге алғыс жарияланды. Ақтөбе облысы ПД бұйрығымен 136 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру