Ақтаулық жедел басқару орталығында 19 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген
Ақтау қаласында соңғы сегіз ай көлемінде жедел басқару орталығының “102” пультіне барлығы 168 872 мың хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың хабарламаларын қабылдау бойынша үздіксіз жұмыс жасап тұрған мобильді қосымша арқылы 94 фото, аудио, бейне сипаттағы хабарламалар қабылданды.
ПБ жедел басқару орталығының қызметкерлерімен бейнебақылау камераларының көмегі арқылы қала аумағында орын алған 139 қылмыс ашылып, 18 777 мың әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық бойынша 1282 дерек тіркелді.
Ал ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1259 тұлға жауапқа тартылды.
Жол тәртібін бұзған 12 519 мың азаматқа жасаған құқық бұзушылықтарына сай әкімшілік хаттамалар жасақталды.