Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жылдамдық режимінен асып кетудің 1627 фактісі анықталды

Павлодар облысында жылдамдық режимінен асып кетудің 10 күнде Zerek-2 жүйесімен 1627 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қызылорда – Павлодар автожолында 16 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған, 12 жол-көлік оқиғасы орын алды. 8 фактіде негізгі себеп – жылдамдық режимін сақтамау. Салдарынан көлікті аударылып, қоршауларға соғылған.

24 тамыздан бастап аталған автожолда көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын автоматты режимде өлшеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға арналған Zerek-2 аппараттық-бағдарламалық кешені қолданысқа енгізілді.

– Ақмола облысының шекарасына дейінгі барлық автожол бойында барлығы 3 жиынтық орнатылды. Айта кету керек, бұл автожолда 140 км/сағ жылдамдыққа шектеу қойылған, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

10 күн ішінде Zerek-2 жүйесімен көлік жүргізушілерінің жылдамдықты асыруының 1 627 фактісі тіркелді және оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам орындауға нұсқамалар жіберілді. Қазіргі уақытта 12 млн теңге сомасына 857 ұйғарым орындалды. Мысалы, 24-29 тамыз аралығында Mitsubishi Pajero Sport автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі камералардың көзіне бес рет түсті.

Жылдамдық режимін асырғаны үшін жүргізушіге автоматты режимде ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша нұсқамалар жіберілді.

Енді жылдамдықтың “әуесқойына” 276 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.

Павлодар – Қызылорда автожолының 140 шақырымында, Байет ауылынан 2 шақырым жерде, BMW автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі басқаруды жеңе алмай, металл ұрғышқа соғылып, салдарынан көлік кюветке аударылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Zerek-2 аппараттық-бағдарламалық кешенінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көлік құралының жылдамдығы – 218 км/сағ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру