Ақтау тұрғыны есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтау тұрғыны есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан ер адамды ұстады. Ол Тelegram арқылы белгісіз адамнан синтетиканың дайын партияларының координаттарын алып отырған.
Ұсталған адам уақытша тұрған пәтерде жүргізілген тінту кезінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, ол Telegram мессенджері арқылы желі пайдаланушысымен байланысқан. Ұсталған күдікті жұмысын сол жерден тапқан.
Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысы бойынша тәркіленген заттар синтетикалық есірткі альфа-PvP (жылдамдық) және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 940 граммды құрады.
Аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні Қылмыстық кодекстің 297-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.