Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Қауіпсіздік әліппесі” жобасының тұсаукесері өтті

Ұлытау облысында “Қауіпсіздік әліппесі” жобасының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының әкімдігінде балалар жарақатының алдын алуға және азайтуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған “Қауіпсіздік әліппесі” жобасының тұсаукесері өтті.

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Асқар Қошанов және полиция департаментінің бірлесіп дайындаған жобасы облыс әкіміне ұсынылып, таныстырылды. “Қауіпсіздік әліппесі” жобасының жаңа бағыты өскелең ұрпақ арасында ЖҚЕ профилактикасын жетілдіріп қана қоймай, балалардың ата-аналарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауына жол ашады.

Кездесуде айтылғандай жоба – қазіргі таңдағы ахуалға байланысты сұранысқа ие. Бұл ретте облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы жобаны болашақта Сәтбаев қаласында салынып жатқан оқушылар сарайының аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыру жолдарын пысықтауды тапсырды. А.Қошановтың сөзінше, бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің жолдағы жүріс-тұрыс мәдениетін, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық өзін-өзі тануды қалыптастыруға, сондай-ақ автомобильдердің көбеюіне байланысты халықтың бейімделуіне бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру